Павлодар облысында жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды

Павлодар облысында жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Анасы мен жаңа туған қыз тұрақты жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бригада босануды тікелей реанимобильде қабылдаған. 

Қазанның 18-інен 19-ына қараған түні Аққулы ауданы Ямышево ауылынан 103 пультіне 31 жастағы жүкті әйелдің босанатын мерзімі  жақындағаны туралы хабар келіп түскен. Дәрігерлер №1 Павлодар қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне хабар түскеннен кейін 10 минутта белгіленген орынға жетті. 

Шамамен 20 минуттан кейін науқас босана бастады. 103 бригадасы әйел адамды дәл жолда босандырып алуға мәжбүр болды. Салмағы үш келіден сәл асатын және бойы 53 сантиметр қыз дүниеге келді. Баланы орап, жылытып, жылу тізбегін сақтады. Сағат 00:15-те босанған әйел мен жаңа туған нәресте перзентхана мамандарына тапсырылды, – деді станцияда.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірімізде 25 әйел ауруханаға жетпей босанған. Өткен жылы 10 айдың ішінде 19 әйел жол үстінде жеңілденіп қалған. Себебі, үйде немесе көлікте босану жиі кездеседі, аймақтық жедел жәрдем станциясында медициналық қызметкерлерді неонатологияның ерекшеліктеріне үйретуге көп көңіл бөледі. Соңғы жылдары 103 қызметінің барлық фельдшерлері мен дәрігерлері неонатологиялық көмек көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Таңнұр Әленқызы