Павлодар облысында жылдар бойы ашылмай келген ауыр қылмысқа нүкте қойылды

Павлодар облысында жылдар бойы ашылмай келген ауыр қылмысқа нүкте қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары 14 жыл өткен соң қылмыс жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға 2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында болған. Сол кезде 62 жастағы әйел зорланып, кейін қаза тапқан. Қылмыс жасаған адамды сол уақытта анықтау мүмкін болмаған.

Алайда істі ашу бойынша жұмыс тоқтаған жоқ. Жедел қызметкерлер мен криминалистер қылмыстық істі қайта зерделеп, жүргізілген тексеру нәтижесінде күдіктінің кім екенін анықтады.

Күдікті 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. Оның қылмысқа қатысы ДНҚ сараптамасы арқылы расталды. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Полиция өкілдері өткен жылдары жасалған қылмыстарды ашу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Заманауи криминалистикалық технологиялар мен сараптамалардың мүмкіндіктері қылмыстарды арада жылдар өткен соң да ашуға мүмкіндік береді.

Қылмыстың жасалғанына қанша уақыт өтсе де, кінәлі адам заң алдында жауап береді.