Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті
Фото: pexels.com

Жылқылардың иесі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылғы 16 сәуір күнгі түнде Екібастұз-1 өткелінің 303 шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Пойыз 1 сағат 33 минут тоқтап тұрды. 

– Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 7 бас жылқыны қағып кетті. Оның ішінде бір жылқы өліп, 6 жылқы жарақат алды, – дейді департаментте. 

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғыны анықтады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.