Павлодарда көшеде автокөлік өртенді

Павлодарда көшеде автокөлік өртенді
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдеде сағат 08.06-да Қайырбаев - Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шақыру орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері және екі техника шықты. Өрт қоңырау түскеннен кейін 15 минуттан соң сағат 08:21-де толығымен жойылды. 

Жалын сегіз шаршы метр ауданды шарпыды.  Зардап шеккендер жоқ.