Павлодарда тағы бірқатар қоғамдық көлік уақытша қозғалысын өзгертеді
Алты автобус көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты жүру бағытын ауыстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Ломов – Ак. Бектұров көшелерінің қиылысында жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты № 1, 5, 10, 11, 17, 31 автобус бағыттарының қозғалыс схемалары 10 шілдеге дейін уақытша өзгереді. ⠀
№1 автобус Ак. Сәтбаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.
№5 автобус Ак. Сәтбаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.
№11 автобус Ак. Сәтбаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.
№ 17 автобус Н. Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттағы қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне оңға қарай бұрылады, одан әрі солға қарай Ак. Сәтбаев көшесіне бұрылады және маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.
№ 31 автобус Ак. Сәтбаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.
Фото: Константин Шелков