Павлодарда ТЖД электр автобустарда өрт сөндіру сабақтарын өткізді
Өрт сөндірушілер қоғамдық көліктің тактикалық және техникалық сипаттамаларын, оларды сөндіру тәсілдерін зерттеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт әр түрлі ауқымда және түрлі нысандарда болуына байланысты қызметкерлермен ТЖ кезінде дағдыларды пысықтау мақсатында тұрақты негізде сабақтар, оқу-жаттығулар өткізіледі.
– Бұл жолы оқыту аймақтағы қоғамдық көліктер паркінде пайдаланылатын электр автобустарында өткізілді. Аталмыш көлік түрінің ерекшеліктерімен танысу үшін №1 автобус паркінің аумағында сабақтар ұйымдастырылды. Мамандар қоғамдық көліктің өртенуі кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді, – деді ведомствоның баспасөз орталығында.
Департаментте атап өткендей, мұндай сабақтар өрт сөндірушілерге шынайы төтенше жағдай кезінде өртті сөндіруге және құтқару операциясын жүргізуге жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін болады.