Ақтоғайда маңдайшалардың заңға қайшы ілінгені анықталды

Ақтоғайда маңдайшалардың заңға қайшы ілінгені анықталды

Қызмет көрсету саласы нысандарына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.

Тексерісті аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері мен «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Ақтоғай аудандық филиалы өткізді. Рейд барысында «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, нотариалдық кеңселер мен ауылдағы дүкендерде ақпараттың «Тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі орналасуы тексерілді.

Мамандар мониторинг барысында ақпаратты орналастыру тәртібінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Маңдайшалардың көбі тек орыс тілінде орналастырылған.

– Заң бойынша ұйымдар мемлекеттік тілді, ал басқа тілдерді қажетіне қарай қолдануы тиіс. Бұл жағдайға қатысты ережені елемеген тұрғындарға заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен «Тіл туралы» Заңды түсіндіретін жадынамалар берілді. Көптеген сәйкессіздіктер сол жерде түзетілді, – дейді Ақтоғай аудандық ішкі саясат басқармасының бастығы Дархан Рамазанов.

Бөлім басшысы ауыл тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қатысты ешбір мәселе жоқ екенін атап өтті.

Айта кетерлігі, жыл сайын облыстың 60-қа жуық тұрғыны қазақ тілін тегін оқыту курстарынан өтеді.

Фото: Ақтоғай аудандық ішкі саясат басқармасыңың баспасөз қызметі

Әсия Серікова