Павлодар облысында неліктен агресорлардың қатарында әйелдер аз кездеседі?

Полиция статистикамен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың туындау себептерінің бірі – алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну. Талдау қорытындысы бойынша, 39 қылмыс спиртті сусындарды ішу және қызғаныш пен әлеуметтік наразылық аясында туындаған жанжал кезінде жасалған.
– Ішімдіктерді ішкені үшін 6643 адам жазаланды. Наркологиялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге 261 адам жатқызылды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына 20 мыңнан астам маскүнем жатқызылды, – деп пайымдады облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова.
Осылайша, облыстық учаскелік полиция инспекторлары үш мыңнан астам қорғау нұсқамаларын шығарды.
– Есепті кезеңде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген үш мыңнан астам адамға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 194 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Индира Жүсіпова.
Агресорлардың қатарында әйелдер аз кездеседі. Алайда, тәжірибеге сүйенсек бұндай жағдайлар орын алған.
– Әйел де агрессор бола алады. Өкінішке қарай, ерлерге қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған төрт кісі өлтірудің екеуін әйелдер жасаған. Бір жағдайда әйел бірге тұратын адамға пышақ салды, екіншісінде күйеуін өлтірді. Екі отбасы да бұрын полициядан көмек сұрамаған. Тергеу барысында ер адамдар психологиялық қысым көрсетіп, әйелдер қатты шиеленіс жағдайында әрекет еткені анықталды, – деп пайымдады тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы.
Полиция қызметкерлерінің сөзінше, осы жылдың сегіз айында жауапқа тартылғандардың тек сегіз пайызы ғана әйелдер.
Отбасыларда заңсыз әрекеттер көбінесе балағат сөздер, қорлау, жанжалдар арқасында туындайды. Кейде ер адамдар қысымға төтеп бере алмай өтініш жазады. Кейде екі тарап та кінәлі деп танылады.
Егер әйел адамдар агрессияны көрсетсе, олар да есепке алынады, оларға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылады және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.