«Сарбаз-2024»: Павлодарлық команданың дайындығы мықты болды

«Сарбаз-2024»: Павлодарлық команданың дайындығы мықты болды
Фото: Константин Шелков

Үздіктер республикалық кезеңге жіберіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында КСРО Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Сарбаз-2024» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өтті.

 Бұл жарысқа қалалар мен аудандардан келген 15 команда қатысты.  Олар автоматты бөлшектеп-құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату,  кермеде тартылу, шаңғымен жүгіру, қорғаныс киімін кию бойынша сынға түсті. 

 Аудандар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға Май ауданы ілінсе, екінші орынға Шарбақты ауданының жас сарбаздары табан тіреді. Ал ең үздік команда атағын Ертіс ауданы иеленді. 

Қалалар арасында бұл байқауда үздік үштікке Ақсу қаласының командасы табан тіресе, екінші орынды екібастұздық сарбаздар алды. Ал павлодарлықтар жеңімпаз атанды.