Павлодар облысының еріктілері жолдан жиналмаған қарды анықтады

Павлодар облысының еріктілері жолдан жиналмаған қарды анықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

36 шақырымға созылатын учаскеде табылған қар көлік қозғалысын қиындатуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, Павлодар және Успен аудандарын жалғайтын «Рождественка-Павловка» автожолының учаскесінде қардың жиналуы, коллея және көктайғақ пайда болды.

Аталған бұзушылықтарды еріктілер облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында қарды уақтылы және сапалы жинау мәселелері бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде анықтады, – делінген хабарламада. 

Еріктілер уәкілетті мемлекеттік органдардың атына жолдың көрсетілген учаскесінде қарды дереу тазалау бойынша өтініштер жолдады.

Жемқорлыққа қарсы еріктілердің хабарлауынша, жыл сайын жергілікті атқарушы органдарға бюджеттен қар тазалауға жеткілікті қаражат бөлінеді, алайда мемлекеттік органдар басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауына және жауапты лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығына байланысты ауыл тұрғындары өз өмірлерін қатерге тігіп, қар басқан жолдармен жүріп өтіп, қолайсыздықтарға төтеп беруге мәжбүр.