Павлодарда сапалы диагностикалық қызметті қайдан алуға болады?

Павлодарда сапалы диагностикалық қызметті қайдан алуға болады?
Фото: Константин Шелков

«Mediker Yertis» жеке меншік емхананың ғимараты мемлекеттік қолдау арқылы салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Медициналық орталық екі жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылды. Жылдық мөлшерлемесі алты пайызды құраған несиеге ғимарат салынып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған.

– Бүгінгі таңда «Медикер» еліміздің әрбір өңірінде ұсынылған медициналық орталықтар мен еншілес ұйымдардың дамыған желісі бар Қазақстан нарығындағы ірі медициналық компаниялардың бірі болып табылады, – деді медициналық орталықтың басшысы Марат Сатабаев.

Басты кеңсе Астана қаласында орналасқан. Павлодарда «Mediker Yertis» амбулаториялық-емханалық деңгейдегі жоғары сапалы медициналық қызметтерді, диагностиканы, күндізгі стационарды және ЕМС және өнеркәсіптік медицина бағдарламалары бойынша қызмет көрсетеді.

– Негізгі назар қызметтің профилактикалық бағытына, диагностиканың жоғары стандарттарына және оңалту қызметтерінің толық цикліне аударылады, – деді Марат Сатабаев. – Барлық жабдықтар Оңтүстік Корея, Франция, Нидерланды елдерінен сатып алынды. Мысалы, көзге ота жасатудың алдында арнайы жабдықпен диагностика жастауға болады.

Медициналық орталықта терапевтік бейіндегі мамандар, сондай-ақ кардиологтар, невропатологтар, эндокринологтар, педиатрлар және медицинаның басқа да жоғары мамандандырылған бағыттары бойынша қабылданады. Телемедицина режимінде медициналық қызмет көрсетуді белсенді түрде енгізу жоспарлануда. Соның нәтижесінде басқа қалада елдегі науқастарға диагностика жасауға болады.

– Бізде тәжірибелі бейінді мамандар жұмыс істейді. Олар облыс орталығының басқа да ауруханаларынан тартып отырмыз. Сондықтан да дәрігерлер мен бейінді мамандардың екі жақта жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар, – деді спикер.

Оның сөзінше, тіркелген науқастардың саны екі мыңнан асады, алайда әлі де науқастарды қабылдауға орын жеткілікті. Медициналық орталық сенбіге дейін таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.