Павлодарлықтар қай жерде қауіпсіз сырғанай алады?
Тұрғындардан жабдықталмаған орындарға барудан бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Зеленая роща» аумағында орналасқан шаңғы базасының территориясында өздігінен пайда болған сырғанау төбешігі анықталды.
– 2025 жылы аталған аумақта биатлоншыларды даярлау үшін ату полигоны жабдықталған. Осыған байланысты көрсетілген аймақта сырғанау жоғары қауіпті болып табылады және жарақат алу мен басқа да жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жасыл тоғай аумағындағы өздігінен пайда болған сырғанау төбешігінде сырғанаудан бас тартуларыңызды қатаң түрде сұраймыз, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде.
Павлодарда тұрғындар мен қонақтардың жайлы әрі қауіпсіз қысқы демалысы үшін сырғанауға арналған 10 ресми түрде жабдықталған арнайы төбешік жұмыс істейді:
1. «Достық» шағын ауданы
2. Ю. А. Гагарин атындағы парк
3. Ж. Аймауытов атындағы парк
4. Қалалық бақ
5. Н. Назарбаев көшесі, 1/3
6. «Шығыс» шағын ауданы
7. «Усолка» шағын ауданы
8. Орталық жағалау
9. Естаев түсетін жол
10. Металлург атындағы парк