7 тамызда Павлодар облысында күн күркірейді
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, найзағай кезінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде +14...+19°C, күндіз + 23...+ 28°C болады.
Облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодарда түнде + 14...+16°C, күндіз + 26...+28°C болады, бұлтты әрі жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Фото: Константин Шелков