Павлодар облысының тас жолында «Москвич» отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусымда сағат 17.50-де «Атамекен-Ақсу» автожолында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жанғаны туралы хабарлама түскен. «Москвич» маркалы көліктің отқа оранғаны анықталды.
Шақыру түскеннен кейін ТЖМ күшімен өрт 19 минут ішінде жойылды. Қайтыс болғандар жоқ.