«Ақтоғай АГРО» ЖШС-нан өрт шықты (ВИДЕО)

«Ақтоғай АГРО» ЖШС-нан өрт шықты (ВИДЕО)
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

- Пультке сағат 19:08-де Ақтоғай ауданында "Ақтоғай АГРО" ЖШС-дегі ангардан түтін шығып жатқаны туралы  хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері бір қабатты металл ангардың жылыту қабырғасынан өрт шыққанын анықтады. Тілсіз жау 5000 шарты метр ангардың шамамен 1200 ш. м.шарпыған. Ангарда картоп сақталған, - делінген хабарламада. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтау жұмысы әлі де жалғасуда. 

Тілсіз жаудың себебі мен залалы анықталуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)