Павлодарлық ақын шығармасы Ыстанбұлда жарық көрді
Биыл ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы орайда Ұлы даланың дара перзентін ұлықтап, өнегелі өмір жолын өлеңге айналдырған айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаев ғалымға арнаған «Қанышнаме» кітабын жазып шықты.
Кітаптің құрылымы жалпы адамзатқа ортақ тұлғаның өмірінен өрілген өлең-дастанды құрайды. Автор демеушілердің қолдауымен аталмыш кітапты Ыстанбұл қаласында орналасқан «Imak offset Basim» баспаханасында басып шығарды.
Шығарманың тұсаукесері Босфор бұғазының жағасынжағы шаһарад өтті. Автормен бірге кітаптың таныстырылымын жасап, тұсаукесер рәсіміне қатысқан ел делегаттарын Павлодар облысының Мәдениет, тідерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан бастап барды.
Шара барысында Медет Тауасқан ғалымның ғұмырын тілге тиек етіп, мемлекет пен қоғам мүддесіне бар ғұмырын сарқа жұмсаған тұғырлы тұлғаның рухына көрсетілетін құрмет алдағы уақытта да еселене түсетінін айрықша атап өтті.