Павлодарда бірқатар үйлерде су болмайды

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «109» бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, 28 қаңтар күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен жабдықтау тоқтатылады:
- Жаяу Мұса көшесі: 2, 7, 7а, 7б;
- Н. Назарбаев даңғылы: 200, 200 к1, 200/1, 200/9, 202;
- Баратбаев, Кунавин көшелері бойындағы тұрғын үйлер;
- Бірлік көшесі (Баратбаев көшесінен Амангелді көшесіне дейін) бойындағы тұрғын үйлер.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін су беру қызметі қалпына келтіріледі.