Павлодар облысында жүргізушілер жылдамдықты 200 миллион теңгеге асырды

Павлодар облысында жүргізушілер жылдамдықты 200 миллион теңгеге асырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер жылдамдықты асыру жолда өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіретінін ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде өлшеуге және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға арналған «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені кеңінен қолданылады.

– Ағымдағы жылдың басынан бері «Zerek-2» жүйелері көлік жүргізушілерінің жылдамдықты асыруының 14 мыңнан астам фактісін тіркеді. Бұзушыларға жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, оның ішінде 186 миллион 439 мың теңге өндірілген, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл жолдағы жүргізушілердің жол қауіпсіздігі талаптарын сақтамауын тағы да көрсетеді. Жылдамдықты асыру негізінен сағатына 140, 150 және 160 шақырым көрсеткіштерінде байқалады.

– Мысалы, «Zerek-2» деректеріне сәйкес Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісінде ең жоғары жылдамдық – 200 км/сағ тіркелген. Мұндай бұзушылық үшін жүргізуші 235 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр болды, – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер жылдамдықты асыратын жүргізушінің өзіне ғана емес, басқаларға да қауіп төндіретінін, ал жылдамдықты шектеу және қауіпсіз қашықтықты сақтау жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін еске салады.