Павлодарда Қамзин көшесінде қозғалыс шектелді

Сегіз автобустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сағат 20:00-ге дейін Чайковский-Шевченко көшелерінің қиылысында Қамзин көшесі бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы шектелді. Сондықтан № 2, 9, 11, 18, 52, 55, 66А және 126 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді.
№ 2, 9, 52, 55 автобус маршруттары Қамзин көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүріп бара жатқанда Қамзин – Циолковский – Кіші айналма жол – Бекмаханов – Қамзин көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша қатынайды.
№ 11 автобус бағыты Қамзин – Циолковский – Кіші айналма жол – Толстой «Batyr mall» СОО кіре отырып) – Бекмаханов – Қамзин – Малайсары батыр көшелерімен жүруді жүзеге асыратын болады.
№ 18 автобус бағыты Толстой көшесі («Ажар» аялдамасына, «Batyr mall» СОО және Қамзин көшелеріне кірмей) бойынша бұрылыспен қозғалысты жалғастырады.
№ 66А автобус бағыты Ак. Шөкин көшесі бойынша батыстан шығысқа қарай қозғалған кезде бұл учаскені Ак. Шөкин – Катаев – Толстой – Н. Назарбаев даңғылымен айналып өтеді және маршрут бойынша жүреді.
№ 126 автобус бағыты Қамзин көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүрген кезде Қамзин – Ак. Шөкин – Катаев – Толстой көшелерімен айналып өтетін болады