Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- М. Горький көшесі, 29, 29/1, 31 («Arti», «Үміт» сұлулық салондары);
- Малайсары батыр көшесі, 37А, 43 («Warriors» компьютерлік клубы), 45/1.