Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Өңірдің бірқатар ауданында найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар қаласында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сонымен қатар облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал өңірдің батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі деңгейі сақталып отыр.