Павлодарда үш адамға витрина құлады

Павлодарда үш адамға витрина құлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Салдарынан үшеуі де зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай 13 шілде күні түстен кейін көшедегі сауда нүктелерінің бірінде болған. 1972, 1995 және 1997 жылы туған ер адамдар әртүрлі жарақаттармен № 1 Павлодар қалалық ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Байдала ауылында 63 жастағы ер адам тереңдігі шамамен екі метр шұңқырға құлаған. Куәгерлер оны өз көлігімен дәрігерлерге жеткізуге шешім қабылдап, жедел жәрдем шақырған. Басынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.

Павлодар ауданында жылқыдан құлаған 45 жастағы ер адам Жаңақала ауылынан жаралармен және сынықтармен № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.