Павлодарда көлік жанды

Павлодарда көлік жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Бөкейханов көшесінде автокөлік жанды.  

– Өрт ТЖД күшімен шақыру түскен сәттен бастап 17 минут ішінде жойылды. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің бес қызметкері жұмыс істеді, – деді департаментте. 

Ведомствода автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді. 

Облыстық полиция департаментінде 19 маусымда сағат 07.45 шамасында Бөкейхан көшесінде «Toyota Camry» және «Kia Sportage» маркалы екі автокөліктің соқтығысқанын хабарлады. Салдарынан бірінші көлікте өрт шыққан. Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.