RustDesk: Павлодарлық полицейлер алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескертуде

RustDesk:  Павлодарлық полицейлер алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескертуде
Фото: Константин Шелков

Алаяқтар шоттан ақшаны өзідеріне аударуға тырысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз адамдар өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушінің шотынан ақша аударуға немесе жәбірленушінің атына несие алуға тырысқан. 

– Алаяқтар ұялы телефонға «Руст Деск» бағдарламасын жүктеп алып, жәбірленушіден  SMS кодын айтуды сұраған. Содан кейін екі банкте оның атына жалпы сомасы алты миллион теңге несие ресімделгенін білген, – деді департаментте.

Павлодар полициясы азаматтарға банк қызметкерлері банктердің ресми сайтында көрсетілген ресми нөмірлерден ғана қоңырау шалатынын еске салады. Банк қызметкерлері телефон арқылы жеке ақпараттарды: пин-код, СВВ коды, жеке кабинеттерден парольдерді жіберуді талап етпейді. Көбінесе әңгіме барысында жағдайды шағыстырады, асығыс айтады, ойлануға уақыт бермейді. Кейбір жағдайларда күдіктілердің сөйлеу стилі Қазақстан азаматтарына тән емес, «акцентпен» сөйлейді, сөзден шатасады.