Павлодарда 1-ЖЭО маңында екі көлік соқтығысты

Павлодарда 1-ЖЭО маңында екі көлік соқтығысты

Бір адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 1 сәуір күні сағат 09:00 шамасында орын алған. 

Жібек жолы көшесінде №22 трамвай бағанына қарама-қарсы бойлай келе жатқан Nissan Serena көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, ГАЗ-3302 көлігімен соқтығысқан.

- Жол апаты салдарынан бір жолаушы ауруханаға түсті. Бұл факті бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін түсірілген видеоны жариялаған болатын.

Фото: ашық дереккөздерден