Түн ішіндегі ұрлық: Ақсу ауылдық аймағында екі адам радиаторды қолды қылған

Түн ішіндегі ұрлық: Ақсу ауылдық аймағында екі адам радиаторды қолды қылған
Фото: Константин Шелков

Олар радиаторларды бөлшектеп алып кеткен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қалқаман ауылының екі тұрғыны ауылдағы үйлердің бірінде жарықтың жоқтығын және үйдің есігі құлыпталмағанын пайдаланып, бос тұрған үйге кірген. Осылайша бес шойын жылыту радиаторын бөлшектеп, ұрлап кеткен. 

– Үй иесі заттардың жоғалғанын көргеннен кейін тәртіп сақшылырына жүгінді. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды, – дейді департаментте.  

Айта кету керек, полиция облыс тұрғындарына ұрлықтың жолын кесу мақсатында қырағы болуға, үйлер бос болса да, есіктерді, терезелерді ашық қалдырмауға, қақпалар мен есіктерге құлыптар орнатуға кеңес береді.