Павлодарда балабақшаға кезекке қою электрондық платформасы уақытша істемейді

Павлодарда балабақшаға кезекке қою  электрондық платформасы уақытша істемейді
Фото: stan.kz

Жабдықтаушымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталдыЖабдықтаушымен жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім  беру бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты «Индиго-24 kz» автоматтандырылған бағдарламасы жұмыс істемейді. Конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жолдамалар беру (мектепке дейінгі ұйымда орын болған жағдайда) Кривенко көшесі, 25, 408 кабинет мекенжайы бойынша білім беру бөлімінде жүзеге асырылады. 

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

«Бұрын автоматтандырылған жүйеге жүктелген және оны пайдалану барысында жинақталған кезектілік бойынша барлық деректер сақталады. Жабдықтаушымен шартқа қол қою кезеңі аяқталғаннан кейін автоматтандырылған жүйеге кіруге сілтемелер білім беру бөлімінің және мектепке дейінгі ұйымдардың барлық ресми аккаунттарында жарияланатын болады», - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ 2023 жылғы 16 мамырдан бастап балаларға орынды ерте алу (брондау) шеңберінде жаңа оқу жылына мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау жұмыстары олардың шығарылу күнін көрсете отырып, жүзеге асырылады. Жарияланатын орындар кестесі Facebook, балабақшаның instagram-аккаунтында, білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.

Топтарды қалыптастыру оқу жылының басындағы толық жастарды ескере отырып, мынадай жас топтарында жүзеге асырылады: 

ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ); орташа жас – 3 жастан бастап (орта топ);  ересек жас –  4 жастан бастап (ересек топ); мектепалды жас – 5 жастан бастап (мектепалды даярлық тобы).

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін таңғы сағат 07:00-де (жеті) әр жас санаты бойынша қолжетімді орындарға басымдық беріледі. Басым қолжетімділік ашылған кезде өтініш берушілер босаған орындар туралы ақпаратты зерделейді және қажетті орын болған жағдайда балабақшаға қабылдауға арналған электрондық жолдаманы өздері алады. 3 жұмыс күні өткеннен кейін бос орындар барлық өтініш берушілер үшін қолжетімді болады.

Ата-аналары немесе заңды өкілдері әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері санатына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 52-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңының 78-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 64-бабының 5-тармағына сәйкес қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен ата-аналардың балалары мектепке дейінгі ұйымдарға кезектен тыс орын алуға құқығы бар.  

Заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балаларға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; жетім балаларға; көп балалы отбасылардан шыққан балаларға; мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балаларға; ерекше білім беруді қажет ететін балаларға; Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларына бірінші кезекте орын алу құқығы беріледі.