Павлодарда жүргізуші тірекке соғылып, қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Центральная көшесінде орын алды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні сағат 00.30-да «Металлург» бағбаншылығына қарама-қарсы аумақта «Toyota Camry 40» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жылу трассасының бетон тірегіне соғылған.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлады департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.