Павлодарда алғаш рет америкалық форматтағы сот процесі өтеді
Қала тұрғындары Mock Trial сот симуляциясын тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда алғаш рет Mock Trial – америкалық үлгідегі сот процесінің симуляциясы ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – оқу сотының халықаралық деңгейде кең тараған моделі. Қатысушылар нақты сот отырысындағыдай дәлелдер ұсынып, қарсы тараптың уәждеріне жауап береді, куәларды айқастыра сұрап, өз құқықтық ұстанымын тәуелсіз қазылар алқасы алдында қорғайды.
Іс-шара заңгерлік мамандықта оқитын студенттер мен оқушыларға халықаралық және процессуалдық құқық бойынша білімдерін тәжірибеде сынауға мүмкіндік береді.
Сот процесінің симуляциясы 26 шілдеде сағат 14:00-17:00 аралығында Академик Сәтбаев көшесі, 73 мекенжайында өтеді.
Ұйымдастырушылар көрермендер мен қонақтар үшін алдын ала тіркелу міндетті екенін хабарлады.