Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтуде

Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық терроризмге қарсы жедел штабы тұрғындарды ресми деректерге сенуге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 мамыр күні сағат 09:00-18:00 аралығында Павлодар қаласының аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Мамыр-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.

Облыстық терроризмге қарсы жедел штабы азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұрайды.