Қытайдан Павлодарға заманауи локомотивтер жеткізіледі

Облыс орталығының депосында сервистік орталық та ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл қытайлық CRRC Ziyang компаниясы ҚТЖ-ға СКД6ѕ сериялы 62 маневрлік локомотив жеткізеді. Алғашқы тепловоздар Қазақстанға жеткізілді, оларға сәйкестік сертификаттары алынды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 38 техника жеткізу жоспарлануда.
– СКД6ѕ тепловоздарын пайдалану Қарағанды және Павлодар бөлімшелерінде, сондай-ақ, Астана локомотив депосында ұйымдастырылады. Павлодар және Қарағанды депосында сервистік орталықтар ашу жоспарланған, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінде.
Сатып алу «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен CRRC корпорациясы арасында қол қойылған 100 маневрлік және 100 магистральдік тепловозды жеткізу туралы негіздемелік келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Құжат заманауи тартқыш техниканы жеткізуді ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда оған қызмет көрсету бойынша инжинирингтік және сервистік орталықтар құруды көздейді.
ҚТЖ мен CRRC арасындағы ынтымақтастық 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан 300 жуық жолаушылар және магистральдік локомотивтерді, сондай-ақ, Қытайда өндірілген 6 мыңнан астам жүк вагондарын сатып алды.