Павлодарда автокөліктер мен иелерін тексеретін мобильді бекеттер құрылды

Павлодарда автокөліктер мен иелерін тексеретін мобильді бекеттер құрылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде автокөліктерді ұрлаудың алдын алу бойынша жедел профилактикалық іс-шара басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетудің алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 11-12 қазан аралығында өңірде «Айдап әкету» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

– Бұл күндері автокөлік құралдарын ұрлауға және айдап әкетуге, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. Сондай-ақ, автокөлікті және олардың иелерін, оның ішінде көрші мемлекеттермен шекаралас аудандарда тексеру бойынша мобильді бекеттер құрылды, – деді криминалдық полиция бастығының орынбасары Жаслан Танжанов  Жаслан Танжанов.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік-жай кооперативтерінде, жеке авто шеберханаларда, ТҚҚ, автотұрақтарда және автодүкендерде ұрланған автокөлік пен қосалқы бөлшектерді анықтау мақсатында  тұрғындармен жиындар өткізіледі. Сонымен қатар, авто-мото көлігін ұрлау мен айдап кетудің алдын алу бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіледі.