Эксперимент түрінде: Павлодар жолдарында бағдаршамның жұмысы өзгереді
Қиылыстағы қызыл түстің бір уақытта жануы қауіпсіз және кедергісіз бұрылысты орындауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығында Н.Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында эксперименталды түрде «бағдаршамды тыныштандыру» режимі енгізілуде. Бұл эксперимент аясында және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жатқан шара.
– Бағдаршамның қызыл белгісі қиылыстағы барлық бағыттар үшін бір уақытта жанады. Ал келесі бағытқа жүру үшін жүргізушілердің назарын жасыл сигналды қосу арқылы аударады. Бұл ретте қиылысқа шыққан жүргізушілер көліктің қозғалысы басталғанға дейін сол жақ бұрылысты қиылыстың басқа бағыттарынан қауіпсіз және кедергісіз аяқтай алады, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары бағдаршамның дәл осындай жұмыс режимін Н. Назарбаев пен Ак. Шөкин көшелері қиылысында орнатқысы келеді.
– Егер бұл эксперимент жол қозғалысына қатысушылардың оң пікірлерін берсе, онда бағдаршамдардың ұқсас жұмыс режимдері өңір бойынша енгізілетін болады,– деп хабарлады департаментте.
Полициейлер жүргізушілерден осы өзгерістерді ескеруді сұрайды және бағдаршам режимдерін өзгерту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.