Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды ток соқты

Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды ток соқты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқыс жағдай Усолка шағын ауданында орын алған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлаған.

– Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың  көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте. 

Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған. 

112  пультіне қоңырау сағат 09.28-де түскен. Оқиға орнында төрт құтқарушы, апаттар медицинасы орталығынан төрт қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.