Успен ауданында мас күйінде көлік жүргізген ер адам қамауға алынды

Успен ауданында мас күйінде көлік жүргізген ер адам қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болғанын дәлелдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Успен ауылдық округінің жанар-жағармай құю станция аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Ауди 100 маркалы автокөлікті тоқтатты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ауыл тұрғыны көлік құралын орта дәрежелі мас күйінде жүргізген. Жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жүргізгені үшін және дәл осындай күйде болған адамға бергені үшін әкімшілік іс қозғалды.

– Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен ер адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды,– деп хабарлады Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Мас күйінде көлік жүргізетін адамдар туралы ақпаратты полицияға «102» телефоны арқылы хабарлауға болады.