Ертіс ауданында екінші әйелін азаптаған ер адамның ісі қаралуда

Ертіс ауданында екінші әйелін азаптаған ер адамның ісі қаралуда

Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол көп мөлшерде айыппұл арқалауы, қоғамдық жұмысқа тартылуы, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін., деп хабарлайды корреспондент @Pavlodarnews.kz.

Ертіс ауданының тұрғыны екі жыл бірге тұрған өзінің бұрынғы жолдасының үстінен шағымданды. Әйелдің екі баласы бар, ал оның екі күйеуінің үш баласы. Бірінші әйелі қайтыс болған. Ауыл тұрғынының айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, қорқытқан. Ал өзге адамдар оның жақсы әрі арқа сүйер азамат екені айтуда. Әйел бастан кешкен қиындықтарын құқық қорғаушыларға және "НеМолчи.kz" қоғамдық қорға айтып берген. 

"Онымен өткізген өмірінің екі жылы қорқынышқа толы болған. Әйел екінші жарынан кетіп қалса да оның шабуылдауы,  аңдуы, бақылауы, тіпті жұмыс жеріне келіп, шу шығарып, есіктерді сындырып, көлікпен соғып, басып кетуге дейін барған", – деп хабарлады қордың Instagram парақшасында.

Құқық қорғаушылар ер адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін айтты. Ол заңгер болып жұмыс істейді және заңнаманы жақсы біледі.

Аймақтық полиция департаментінің мәлімдеуінше, ер адам ішкі істер органдарында 2005 жылдың қаңтарынан тамызына дейін қызмет еткен. Кейін ол өз еркімен жұмыстан шыққан.

"2023 жылдың 4 маусымында азаматтар өтінішті Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені расталды", – деп нақтылады ведомство.

Ертіс аудандық сотының қаулысы бойынша ер адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"Ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сондай – ақ, құқық бұзушының мінез-құлқына үш айға ерекше талаптар қойылды", - деп толықтырды полиция.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК – нің 110-бабы - "азаптау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.