Павлодарда ақын Арман Қанидың құрметіне әдеби кеш өтеді
Жыр кешінде ақынның шығармалары насихатталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен ақын Арман Қанидың 70- жылдығына арналған «Ар ақыны Арман Қани» атты әдеби кеш өтетін болады.
– Өскелең ұрпаққа Ертіс-Баян өңірінің тұлғаларын дәріптеу, үлгі ету және жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында кешті ұйымдастырып жатырмыз,– деді мұражайда.
Шарада «Жас толқын» атты қалалық жыр-мүшәйрасының қорытындысы шығарылатын болады. Жыр кешіне зиялы қауым өкілдері, студенттер, жас ақындар қатысады. Ақынның өмірі мен шығармашлығы жайында сөз қозғалады. Қаламгердің өлеңдері оқылып, зиялы қауым өкілдері сөз сөйлейді. Сондай-ақ, кеште Арман Қанидың қолжазбалары мен құнды жәдігерлерінен тұратын көрме қойылады.
Әдеби кеш 23 ақпанда сағат 11:00-де Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрында өтеді.