Робототехника турнирі: Павлодар облысының тұрғындары планшет ұта алады
Өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы роботтарды жобалау және бағдарламалау саласында жастар үшін бәсекелестік орта құру үшін «РобоCup» облыстық турнирін жариялады. Оған 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
– Турнир екі кезеңмен өтеді. «Кегельринг» кезеңінде қатысушылар роботты бағдарламалап, шеңбер бойымен алты пластикалық банканы қағып кетуі керек. Пластикалық банкалар өлшемдері бойынша түрленеді, – делінген хабарламада.
Ережеге сәйкес тек LEGO бөлшектерін пайдалануға рұқсат етіледі. Робот толығымен автономды болуы керек, яғни қатысушылардың қатысуынсыз барлық әрекеттерді өз бетінше орындауы тиіс. Қатысушылар робот жасау үшін кез елген бағдарламалау тілдерін қолдана алады. Сәтті құлатылған банкалардың саны, тапсырманы орындауға жұмсалған уақыты бағалау кезінде ескерілетін болады.
– «Робо-сумо» атты екінші кезеңінде қатысушы қарсыласты 60 секунд ішінде рингтен шығарып жіберу керек. Егер белгіленген уақыт ішінде бірде-бір робот рингтен шықпаса, онда жеңімпаз рингтің ортасына жақын орналасқан робот болып саналады, – деп атап өтті орталықта.
Турнир жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен анықталады. Үшінші орынға «Lego Education: Spike prime» ресурстық жинағы, екінші орынға «Lego Education SPIKE Prime» конструкторы мен ақылды колонка, ал жеңімпазға «Lego Education SPIKE Prime» конструкторы мен планшет сыйға беріледі.
Өтінімдер 20 қарашаға дейін қабылданады. Оларды kgu_crmi@mail.ru электронды поштасына жіберу керек. Турнир туралы толық ақпаратты 8 (747) 370-90-85 телефоны арқылы білуге болады.