Павлодар облысында медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жүргізуші жазаланды
Сотта жүргізушінің асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екендігі ескерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдардың бірінде полицейлер көлік жүргізу барысында күдік тудырған «Toyota Camry» көлігін тоқтатты. Жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.
Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін автобикеш жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол сегіз жыл мерзіміне көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жалған нөмірлермен қала көшелерінде жүрген Lexus автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған болатын.