Павлодарда бір автобустың бағыты өзгерді

Көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылы – Каз. Правда көшелерінің қиылысында жүргізілетін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 тамыздан бастап № 1э автобус маршрутының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.
№ 1э автобус бағыты Н. Назарбаев даңғылы – Ладожская көшесі арқылы Ладожская аялдамасына тоқтайды (Каз. Правда және Қамзин көшесіне кірмейді).