Павлодарлықтар Конституция күні заң бойынша тегін кеңес алады

Павлодарлықтар Конституция күні заң бойынша тегін кеңес алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мемлекеттік мереке күні тұрғындарды Ашық есік күніне қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысының әділет департаменті тегін заң көмегін көрсету бойынша Ашық есік күнін өткізеді. Аталған іс-шараға департамент басшысы, облыстық адвокаттар алқасы, Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қатысады.

Іс-шара 14 тамыз күні сағат 15:00-ден бастап Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайында орналасқан Достық үйінде өтеді.