Павлодар облысында астықты тұрақтандыру қорын құру кешіктірілуде

Павлодар облысында астықты тұрақтандыру қорын құру кешіктірілуде
Фото: Константин Шелков

Қорды ашу жайлы тамыз айының басында шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен өткен жиында талқыланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі  Асайын Байханов бұл жұмысты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшысы Тимур Жантеміровке артқан болатын. Жоспар бойынша астықтың көлемі тоғыз мың тонна болуы керек еді, дегенмен жұмыстар кешіктірілуде.  

Тимур Жантеміров қорды ашу үшін қаржыландыру табылғанын айтты. Тек астықты сақтау үшін элеваторды сатып алу қажет. Оны келесі аптада сатып алу жоспарланған.

– Қор құрғанға дейін астықтың бағасы көтеріледі. Бұл қор мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажет, – дейді Асайын Байханов. 

Облыс әкімінің айтуынша, облыс нарығында ерекше жағдай қалыптасқан –  жеп-шөп құны шөп бағасынан төмен. Құрғақшылық мал азығын жинауға әсер еткен, сондықтан құнарлы жем-шөп туралы ойланатын кез келді. 

– Бір тонна астық кем дегенде 3-4 тонна шөптің орнын басады. Астық бағасының айтарлықтай төмен болуы уақытша құбылыс, – деді Асайн Байханов.

Аймақ басшысы ӘКК басшылығына осы аптада астықты тұрақтандыру қорын құру жұмысын аяқтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, өңірдегі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.