Павлодарда тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету бойынша конкурс өтеді
2023 жылғы 31 наурызда сағат 15.00-де Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, конкурсқа келесі маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылған:
- Лот № 1 Павлодар-Астана-Павлодар;
- Лот № 2 Барлыбай-Ақтоғай-Павлодар;
- Лот № 3 Шолақсор-Павлодар-Шолақсор;
- Лот № 4 Железин-Павлодар-Железин;
- Лот № 5 Баянауыл-Екібастұз-Баянауыл;
- Лот № 6 Александровка-Павлодар-Александровка;
- Лот № 7 Алакөл-Павлодар-Алакөл;
- Лот № 8 Ертіс-Павлодар-Ертіс;
- Лот № 9 Шалдай-Павлодар-Шалдай;
- Лот № 10 Шоқтал-Павлодар-Шоқтал.
Конкурсқа меншік түріне байланыссыз, меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде автокөліктер иесі, кез келген заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқықты.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б, 708 кабинет немесе эл. пошта huan.manarbek@pavlodar.gov.kz бойынша конкурстық құжаттар комплектін алуға жазбаша түрде өтініш беруі қажет.
Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы «13» наурыз сағат 18.30-ға дейін.
2023 жылғы «28» ақпанда сағат 11.00-де конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференциясын өткізеді.
Анықтама телефондары: 32-72-07, 32-73-50