Павлодарда автокөлік қоршауға соғылды

Павлодарда автокөлік қоршауға соғылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамыр күні сағат 07.30-да  Луначарский - Бұқар жырау көшелерінің қиылысында «ВАЗ» және «Хонда» автокөліктері соқтығысқан.

– Қатты соққыдан «ВАЗ» көлігі қоршауға соғылып, жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген, – деді департаментте.

Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалды.