Павлодарда мотоцикл мен скутер соқтығысып, әйел адам зардап шекті

Павлодарда мотоцикл мен  скутер соқтығысып, әйел адам зардап шекті
Фото: standard.kz

Жол апаты «Отау» сауда үйінің маңында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні сағат 16:21-де жол-көлік оқиғасы бойынша шақырту түскен. Әйел адамда көгерулер   тіркелді. 

– Жедел жәрдем бригадасы 34 жастағы әйелді бірінші қалалық ауруханаға жеткізді. Мойын омыртқасы мен сол жақ тізе буынының көгеруі, сондай-ақ миының жабық жарақаты мен шайқалуы тіркелді, –  дейді станцияда. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін полиция автовокзал аумағынан шығып бара жатқан Mercedes-Benz көлігіндегі жүргізуші скутерге жол бермей, соқтығысқанын хабарлаған болатын.