Павлодарда көшеде есірткіге мас жігіттен психотроптық зат тәркіленді
Ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Естай көшесінде патрульдеу кезінде 28 жастағы жас жігіттен ұнтақ заты бар жеті полиэтилен байламы тәркіленген.
– Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған заттар салмағы 2,6 грамнан асатын психотроптық зат екені анықталды. Сонымен қатар, сараптама нәтижелері қала тұрғынының есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті, – дейді департаментте.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары жыл басынан бері 35586 құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 432 қылмыс ашылды.