Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды
Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 сәуірде сағат 20.50-де «БМВ-518» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Торайғыров көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде 1937 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Ол жолдың жүру бөлігін белгісіз жерде кесіп өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, сағат 00.10-да алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды.