Павлодарда лаваштың ішіне жасырылған телефон тәркіленді

Павлодарда лаваштың ішіне жасырылған телефон тәркіленді
Фото: ЖИ

Колонияға тыйым салынған затты сәлемдеме арқылы өткізбек болған әрекет дер кезінде анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, №46 мекемеде «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында сотталғанға ұялы телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды.

– Сәлемдемені тексеру кезінде азық-түлік салынған лаваштың ішінен жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша сәлемдемені жеткізген азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Құзырлы орган өкілдері мұндай заңбұзушылықтардың жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.