Ертіс ауданында ер адам дүкен тонады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
33 жастағы тұрғын өзінің мүлкі ұрланғаны туралы полицияға жазбаша арыз жазған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз адам Ағашорын ауылындағы дүкенге заңсыз кіріп, 383 мың теңге сомасында ақша қаражаты мен 26 130 теңге сомасында алкогольдік ішімдіктер мен азық-түлік ұрлап кеткені анықталды.
– Залалдың жалпы сомасы 409 мың теңгеден асты. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Тергеу барысында сол күні полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен 43 жастағы ауыл тұрғынын анықтады. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы қабылданды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram