Павлодар облысы тұрғындары ішімдікке қаражатты көп жұмсайды

Павлодар облысы тұрғындары ішімдікке қаражатты көп жұмсайды
Фото: Константин Шелков

Сыраға қарағанда арақ сатып алушылардың саны көбейген, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz статистикалық бюросының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2023 жылдың екінші тоқсанында көбінесе алкогольге  ақша жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығыс 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есеге жоғары болды: 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін де отбасылық бюджеттен шығын көп: 3,1 мың теңге. Қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың теңге) шығындары да осы сомаға жақын болды. Тұрғындары басқаларға қарағанда айтарлықтай аз ақша жұмсайтын өңірлердің қатарында бірнеше оңтүстік және батыс өңірлер бар. Ішімдікке ең аз ақша жұмсайтын өңір - Маңғыстау облысы.

Қазақстанда алкоголь нарығы өсуде. Бұл негізінен күшті алкогольдік сусындар сатылымының өсуіне байланысты болып отыр. Бірінші жартыжылдықта елдегі дүкендердегі коньяк сатылымы 2,4 есе, арақ, түрлі ликерлер мен шарап сатылымы 29,4% көбейген. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мамандары шампан (3,2% азайған) және сыраны (6,2% азайған) қоспағанда, барлық дерлік позициялардың өскенін байқап отыр. Егер сіз барлық сатып алынған (және, тиісінше, тұтынылған) алкогольдің жалпы көлемін есептесеңіз, 425,7 млн литр шығады. Айта кетерлігі, мұның 80%-ы сыра: барларда, дүкендерде және мейрамханаларда бұл сусынның 347,8 млн литрі сатылды.

Бір қызығы, алкогольдің ішінде сыра Қазақстанда қымбаттап жатыр. Мұндай қорытындыны алкогольдік сусындардың әрбір түрі бойынша тұтыну бағасының индекстерін қадағалау арқылы жасауға болады. Мәселен, тамыз айында былтырғымен салыстырғанда арақ 10,1%, шарап 13,1%, сыра 23,5% қымбаттады. Ал мұндай айтарлықтай айырмашылық ай сайын дерлік байқалады.

Биыл жыл басында сыраның қымбаттауы азық-түлік инфляциясының барлық рекордтарын жаңартты: қаңтарда сыраның құны 30,9% өсті. Бұл ретте алкоголь бағасының жалпы өсімі 22,9% тіркелді, ал азық-түлік инфляциясы жалпы 25,7%-ды құрады.